Атырауда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

photo 2020 01 16 11 32 25 Жаңалықтар

Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл.  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жыл сайын жергілікті басқару органдарында қаңтардан мен наурыз айлары аралығында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды.

Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау, мамандығы бойынша алған білім деңгейі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі. Шақыру учаскелеріне шықырылатын жылы 17 жасқа толатын ҚР ер азаматтары тіркелуі тиіс.

photo 2020 01 16 11 32 13
photo 2020 01 16 11 32 27

          2020 жылы қаңтар мен наурыз аралығында Атырау өңірінен 2003 жылы туылған 4 мыңға жуық жастарды әскери есепке қабылдау жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізетін медициналық комиссиялар құрылды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) азаматтарды шақыру учаскелеріне шақыру үдерісінде емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындайды және оларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға, денсаулық жағдайы бойынша жарамдыларды әскери оқу орындарына түскісі келетіндерді Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқу үшін тіркейді. Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен жергілікті әскери басқару органдарында Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметтің келешегі туралы үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі.

  Урбайза АБИТОВА,

Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы, майор 

Байланыс телефоны: 87024637733, 87074637733

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-%d3%99skerge-sha%d2%9byrtyl%d2%93an-30-sarbaz-%d3%99skeri-%d2%9byzmetin-%d3%a9teuge-attandy-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз