Атырауда автокөлік қозғалысы шектеледі

56635110 791396834576135 4866507076639129600 o1 Жаңалықтар

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Атырау орталығында марафон кезінде автокөлік қозғалысы шектеледі.

14 сәуір, жексенбі күні 7.00-ден 14.00-ге дейін бірқатар орталық көшелерде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы жексенбіде жыл сайынғы «Atyrau Marathon – 2019» шарасында Орталық көпір – Сәтпаев даңғылы – Әбілхайыр даңғылынан «Сұлтан Палас» қонақ үйіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі. Бұдан бөлек, жоғарыда көрсетілген қиылыстарда көлік қозғалысы тоқтайды.

Марафонның ұйымдастырылуына қарай автобус бағыттарында да өзгеріс болады. Сәтпаев даңғылымен жүретін №1, №4, №20, №30, №12 және №14 маршруттары марафон кезінде басқа көшелермен өтеді.

Автобусы маршрута №14 маршрут темір жол вокзалы – Әлиев(көпір) көшесі –Тайманов көшесі –Жарбосынов көшесі –Құрманғазы көшесі– көпір арқылы –«Авангард» ықшам ауданы бағыттарымен жүреді.

Маршрут №12 маршрут «Авангард» соңғы аялдамасы – Құрманғазы көшесі – көпір арқылы – Жарбосынов көшесі – Тайманов көшесі – Әлиев(көпір) көшесі – Махамбет көшесі – Абай көшесі –«Ақ Жайық» қонақ үйі алдындағы айналма жол – Азамттық көшесі арқылы, әрі қарай әдеттегі маршрутпен жүреді.

– Атырау қаласы әкімдігі марафон өтуіне байланысты уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұрайды. 7.00-ден 14.00-ге дейін әуе рейстері арқылы Атырау халықаралық әуежайынан қатынайтын жолаушыларға Бейбарыс даңғылы арқылы өтуді ұсынамыз,- деді қала тұрғындары мен қонақтарына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз