Атырауда ауыз сумен қамту бойынша арнайы комиссия құрылды (+ФОТО)

60213844 683513335416669 7517315571235422208 o Жаңалықтар

Аtr.kz/14 мамыр, 2019 жыл. Атырауда қала маңындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жұмыс комиссиясы құрылды.

Атырау қаласының әкімдігіне ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша қуатты жобалау тапсырылды, деп хабарлады жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі.

Өткен жексенбі, 12 мамырда ауыл тұрғындарының ауыз судың жоқтығына шағымдануына байланысты облыстық және қалалық әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ «Атырау Су Арнасы» мемлекеттік кәсіпорны құрған арнайы жұмыс комиссиясы Еркінқала ауылдық округіне барып, аумақты тексерді.

60352639 683513405416662 3629317265712742400 o
60114152 683513328750003 761885060386258944 o

– Комиссия мүшелері ауылдық округ тұрғындары ауыз сумен заңсыз бақша суару жүргізгендігін анықтады. Ауыз судың жетіспеушілігіне әсер ететін тағы бір факторы су құбыры диаметрінің жеткіліксіздігі. Қазіргі таңда су құбыры тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, себебі Еркінқала ауылдық округін сумен жабдықтау жүйесіне жаңа аумақтар қосылды және тұрғындардың саны айтарлықтай өсті және өсіп келеді, – деп Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкін.

Сауалнама нәтижелері бойынша мәселені шешу үшін іс-шаралар жоспары әзірленді.

Атап айтқанда, 13 мамырдан бастап қалалық және ауылдық әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ тұрақты негізде ауыз суды заңсыз пайдалануды анықтау мақсатында учаскелер бойынша рейд ұйымдастырылады. Ауыз суды заңсыз пайдаланғандарға айыппұл салынады. Сондай-ақ, олар ауыз сумен қамтылуға шектетіледі.

60090090 683513355416667 3016709037854031872 o
60099158 683513235416679 5187040335615754240 o

Өз кезегінде, қала әкімдігіне тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін қосымша қуаттарды салу – Жұмыскер ауылдық округіне қосымша су сорғысын орнату, қазіргі трансформаторды жоғары қуатты трансформаторға ауыстыру, сондай-ақ Жұмыскер ауылдық округіне уақытша сумен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру тапсырылды, – деп қорытындылады Шәкір Кәйкін.

Қазіргі уақытта «Атырау су Арнасы» КММ қызметкерлері Жұмыскер және Еркінкала ауылдық округіне су құбырларының қысымын өлшеуге манометр орнатуда.

60212851 683513255416677 5373969467095121920 o
59951109 683513242083345 8700334316867026944 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз