Атырауда «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылуда

Агрокешен Жаңалықтар

Atr.kz/27 қараша, 2019 жыл. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Махамбет аудан орталығында 4 жоба іске асырылуда.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Махамбет ауданы әкімі Жәрдемғали Ахметов мәлімдеді. 

– «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аудан орталығында 4 жоба іске асырылуда. Соның бірі – ұзындығы 4,5 шақырым Махамбет ауылішілік жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу жұмыстары, Махамбет ауылының жаңа мөлтек аудандарына газ желілерінің құрылысын салу, Абай Құнанбаев және Жайық шұғыласы көшелерінің көше жарығын қайта жаңғырту жұмыстары «Махамбет ауылына ашық тренажер және баскетбол ойын алаңын құрылысы» бойынша жұмыстар жалғасуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр, – дейді Махамбет ауданы әкімі Жәрдемғали Ахметов.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *