Атырауда әуежай уақытша жұмысын тоқтатты

670x347px Atyrau Airport 5 Жаңалықтар

Аtr.kz/18 сәуір, 2019 жыл. Нақтырақ айтқанда, мұнда халықаралық және қалааралық рейстерді қабылдау және орындау қызметі тоқтатылды.

Әуежайдың диспетчерлік қызметі хабарлағандай, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ұшақтарды қабылдау және аттану кестесіне өзгеріс енгізілген. Кеше таңғы сағат 4:55-те әуеге көтерілуі тиіс болған «Атырау – Амстердам» рейсінің ұшағы 19:05-ге көшірілді. Ал, Алматыдан ұшып шыққан борт Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды.

Сағат 14:20-да Астанаға ұшуы тиіс болған рейс те 23:55-ке қалдырылды. Сондай-ақ, «Атырау-Орал» рейсі де тоқтатылды. Осылайша, кеше тек «Атырау-Теңіз» бағытындағы жергілікті рейс қана орындалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз