Атырауда атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы кеңінен таныстырылды

virjg3syste Жаңалықтар

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылғы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде.  

Осы мақсатта Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіліп жатқан  атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын таныстырды. 
Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек бұрыңғыдай  тоқсан сайын тағайындалып отыратын болады. АӘК мөлшері отбасының барлық мүшелеріне кедейлік  деңгейі мен жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшерінің айырмасы ретінде анықталады. 
–  Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке қабілетті азаматтарға  мемлекет тарапынан мамандығы бойынша жұмыстар ұсынылады.  Мамандықты оқыту керек болса, барлық жағдайлар мемлекет тарапынан жасалады.  Егерде  мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады.  Бала күтіміндегі немесе  мүгедек бала бағып отырған ата-аналарға мұндай шаралар қолданылмайды. Олар атаулы әлеуметтік көмекті ала беретін болады, – деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.  
Сонымен қатар, 4 немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған және  23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы беріліп жатыр. Отбасылық табысына байланыссыз, балалардың санына қарай қаржы төленуде. 
Атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір түрі әлеуметтік кепілдендірілген пакет. Яғни, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тамақтар мен гигиеналық заттар жиынтығы. Тамақтар ай сайын, гигиеналық заттар тоқсан сайын беріліп отырады.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі  балаларға арнайы кепілдендірілген әлеуметтік пакет қарастырылған. Балалар  мектептегі тегін ыссы тамақпен, мектеп формасымен, оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, медициналық көмек, соның ішінде стоматологиялық көмек заңдылықтармен анықталған тәртіпте көрсетілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз