Атырауда атақты шебердің шеберлік сағаты өтті

img 3951 Жаңалықтар

Atr.kz/28 қазан, 2019 жыл. Халқымыздың асыл өнерін дәріптеу мақсатында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ашылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінде  өңірімізге танымал қолөнерші,  теріден  бұйым жасаудың хас шебері Кеңес Айыпқалиев  шеберлік сағатын  өткізді.

Өскелең ұрпаққа қолөнерді үйрете отырып, атадан қалған салт-дәстүрімізді құрметтеуді мақсат қылған шара Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтті. Оған Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Бейнелеу өнері және технология» бөлімініңстуденттері және  музей мамандары қатысты.

Шеберлік сағатында танымал шебер музей қорына тапсырған «Бейбарыс», «Көк бөрі», «Тәуелсіздік қыраны», «Көріпкел» сынды тері және мал сүйектерінен жасалған картиналарын, қамшы, торсық  бұйымдарын студенттерге таныстырды. Оларға  теріден торсық жасаудың әдістерін, оған  ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді салу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, сегіз өрім қамшыны өрудің тәсілдерін, жасалу жолдарын түсіндірді. Бұйымдарды өрнектеу мен сәндеудің қыр-сырын үйретті.

img 3955

 – Теріден бұйымдар жасаумен 4-5 жасымнан бастап айналыстым. Бұл өнерге деген  қызушылықты бойыма өз әкем дарытты. Сонымен қоса, ауылдағы Рамазан деген қолөнер шеберінен біраз дәріс алдым. Осы  көрген-білгендерімді біраз игерген соң, «ұлтымыздың қолөнер мәдениетінің дамуына аз да болса септігім тисін» деген оймен осы қолөнерді кәсіпке айналдырдым, – дейді шебер Кеңес  Тұңғышбайұлы.

Дәріс соңында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Технология» мамандығының оқытушысы Айнұр Өтемісова музей ұжымына ризашылығын білдірді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз