Атырауда арбаға таңылған мүгедекті құлдықта ұстағандардың ісі тексеріліп жатыр

20190426125407 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/lQrAomJ09_Y

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. Атырауда арбаға таңылған мүгедекті құлдықта ұстап келгендердің үстінен тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оның айтуынша, 2010 жылы оны біреулер Атырауға алып келген. Содан бері оны алдап, құлдықта ұстаған. Өзінің айтуынша, күн сайын көшеде қайыр сұрап, тапқанын асыраушыларына беріп отырған. «Аталған бейнежазбаға қатысты ҚР ҚК-нің 126-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады облыстық полиция департаментінен. Айта кетелік, әлеуметтік желілерде мүмкіндігі шектеулі азаматтың 10 жылдан бері құлдықта отырғаны туралы бейнежазба тараған болатын.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз