Атырауда – аптап ыстық

20190613085917 Жаңалықтар

Atr.kz/11 шілде, 2019 жыл. Атырау облысының тұрғындарына 40 градустық ыстық болатыны ескертілді.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, бүгін аптап ыстық өңірге қайта оралды. Жекелеген аудандарда көлеңкедегі ауа температурасы 40 градусқа жетеді. Облыстық ТЖД ашық жерде жүретіндерге бас киім киіп, су ала жүруге кеңес береді.

Еске сала кетейік, маусым айының аяғында облыста ауа температурасы көлеңкеде 43, ашық жерде 50 градусқа дейін жеткен болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз