Атырауда Әміржан Қосановтың штабы шығармашылық ұжыммен кездесті

Жаңалықтар САЙЛАУ-2019 Саясат

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы «Ақжелкен» шығармашылық орталығында ҚР Президентігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдері орталық ұжымымен кездесті.

Бұл туралы кандидаттың сайлауалды штабынан хабарланды.

«Кездесудің модераторы облыстық штаб бастығы Ғалымжан Өтебаев болды. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырып, кандидаттың түрлі мәселеге көзқарасы жайлы баяндап берді. Сондай-ақ олар қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР Президенті сайлауы 9 маусы күні өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *