Атырауда «Аманат» азаматтық алаңы құрылды (+ФОТО)

IMG 4295 Жаңалықтар

Аtr.kz/3 мамыр, 2019 жыл. Алдағы Президент сайлауы үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында «Аманат» азаматтық платформасы өз жұмысын бастады. Бұл – әділ, әрі ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. 

Бұл туралы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өткен басқосуда «Аманаттың» Атырау облыстық өкілдігінің жетекшісі  Дәурен Сейтқалиев мәлімдеді. Айтуынша, жаңа құрылымға қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар, сарапшылар мен азаматтық белсенділер кіреді. Мақсат – сайлауға мониторинг жүргізу.

IMG 4288 1
IMG 4264 1

– Алғашқы отырыс биыл 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді, – дейді ол. – Осы кездесуде «Аманат» азаматтық тұғырнамасын құру бастамасы көтерілді. Саяси маңызды науқанға қоғам қалай мониторинг жүргізе алады? Міне, осы бағытта ұсыныстар жинау керектігі айтылды. Қоғамдық штаб құрылды. Бүгінде мүдделі азаматтар мен сарапшылардан 250-ден астам ұсыныс түсті. Ең өзектісі іріктеліп алынды. Сөйтіп, басты бес бағытты қамтитын тұжырымдама әзірленді.

Сайлаудың ашық, әрі әділ өтуі үшін не істеу қажет? Біріншіден, дайындық жұмыстарын күшейту керек. Әр азамат сайлауға қатысуға құқылы, соны қамтамасыз ету қажет. Уақыт болса, аз қалды. Президенттікке үміткерлерге тең жағдай жасалған ба? Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан бірдей көңіл бөліне ме, осыны ескерген жөн. 

IMG 4283
IMG 4315

Екіншіден, сайлаушылар өз құқықтары жайлы хабардар болуы тиіс. Құқықтық процедуралар, сайлау кезеңдері мен мерзімдері туралы ақпараттандыру – өте маңызды. «Тұрғындар қандай да бір кандидатты қалай қолдай алады және оның бағдарламасы туралы мәліметті қайдан табады, сондай-ақ, сайлаушының ққұқығы бұзылған жағдайда қайда хабарласа алады, соның бәрі қамтылуы тиіс. Осы орайда, онлайн түрде заңгерлік кеңес беру қызметін құру қажет. Алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушыларды оқыту да қолға алынса деген ұсыныс бар» дейді Д.Сейтқалиев.

Сонымен бірге, Қазақстанның барлық өңірлерінде, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау желісі құрылуы керек. Бақылаушылар халықаралық ұйымдардың стандарттары бойынша оқытылғаны жөн. Жедел ақпарат алмасу желісін құру қажет. Бұл үшін орталық сайлау комиссиясымен, бас прокуратурамен, сотпен, жергілікті органдармен, сайлау комиссияларымен және үміткерлердің штабтарымен ынтымақтастық орнату маңызды.

IMG 4281
IMG 4323

Төртінші тұжырым – азаматтар, журналистер, сарапшылар, ғалымдар арасындағы сайлау бойынша барынша ашық және объективті ақпарат пен пікір алмасу. Соңғысы – ынтымақтастық. Бұл бағыт құрмет пен сенім қағидаттарында мемлекет пен қоғамның тең ынтымақтастығын қамтиды. Қазірдің өзінде жергілікті жерде жедел жұмыс істеу үшін «Аманат» азаматтық алаңының өкілдері анықталып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің баспасөз орталығы ұсынды.

IMG 4269
IMG 4277
IMG 4308
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз