Атырауда «Алтын қалам» иесі анықталды (+ФОТО)

img 20200212 wa0092 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Atr.kz/13 ақпан, 2020 жыл. «Елсана» руханият клубында «Алтын қалам» иесі марапатталды.

Ол – облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетiнiң ардагерi Тәжi Ақымов. 87 жастағы қарияның қазақ журналистикасының қарыштап дамуына қосқан үлесі үлкен, еңбегi ерен. Ол аталған басылымда табан аудармастан 40 жыл жұмыс жасады. Салтанатты марапаттау шарасында сөз алған «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов марапат иесінің ел үшін еткен еңбегіне тоқталды. Оның отандық журналистика саласында қалдырған қайталанбас қолтаңбасы мен қоғамға қозғау салған мақалалары жайлы әңгімеледі.

Осынау маңдай тердің текке төгілмей, бүгінде тәтті жемісін татып отырған ақсақалдың қуанышында шек жоқ. Ендеше, біз де, «атыраулық» әріптестер, ардагерімізді мерейлі қуанышымен құттықтаймыз!

«Atr-Ақпарат»

img 20200212 wa0094
img 20200212 wa0093
img 20200212 wa0096

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9baza%d2%9bstanny%d2%a3-zejneta%d2%9by-%d2%9bory-174-my%d2%a3-adamdy-izdep-zhatyr/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз