Атырауда айыппұлдан жалтарған 160 жүргізушінің көлігі тұраққа қойылды

200212225801789a3614032i Жаңалықтар

Atr.kz/13 ақпан, 2020 жыл. Атырауда қарызы бар 160 көлік айып тұрағына апарылды.

«Атырауда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оған 250-ден астам полицей атсалысып, сот орындаушылармен бірге жұмыс істеуде. Шараның мақсаты – ішкі істер огандары салған әкімшілік айыппұлды өндіру тиімділігін арттыру. Төрт күн ішінде айыппұлын төлемей жүрген 160 адамның көлігі айып тұрағына қойылды. Оның ішінде 90-ы «Автоураган» кешенінің көмегімен әшкере болды. Айып тұрағындағы 100-ден астам көлік Ресейде тіркелген, тағы 40 көлік – Армениядан әкелінген», – деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік қозғалысы ережесін бұзған 700-ден астам адамға айыппұлды дер кезінде төлеу туралы ұйғарым таратылды. Оның ішінде ресейлік нөмір таққан 472 көлік болса, 214 көлік – армениялық, 32 көлік – қырғызстандық нөмірмен жүрген.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/eski-te%d2%a3geni-nege-%d2%9babyldamajdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз