Атырауда Әділет басқармасы қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды

b47323a3f7e3607ec233edcc4a7 Жаңалықтар

Аtr.kz/8 мамыр, 2019 жыл. Бұл туралы Аtr.kz-ге Атырау облыстық сотының баспасөз-қызметі хабарлады.

«Істі қарау кезінде Атырау қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары Айболат Кенжебеков пен басқарма инспекторы Серік Кубашевтың 2017-2018 жылдары кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алғаны анықталды. Олар кәсіпкерлік қызметке қатысты белгілі бір мәселелер оң шешім табу үшін ақша талап етіп отырған. Тергеу барысында айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабында қарастырылған «Пара алу» бойынша айып тағылды. Сот А.Кенжебековты кінәлі деп танып, 9,2 млн теңге айыппұл салды. Ал С.Кубашев 1 млн теңге айыппұл төлейді», – деді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен айыптылар өмір бойы мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға орналасу, мемлекеттік кәсіпорындарда, ұйымдарда және ұлттық компанияларда жұмыс істеу құқығынан айырылды.
«Аtr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз