Атырауда «Абай әлеміне саяхат» клубы ашылды

img 20200113 wa0009 Білім

Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл. Атыраудағы №40 орта мектепте «Абай әлеміне саяхат»  клубының ашылу салтанаты өтті.

«Абай әлеміне саяхат» клубының мақсат-міндеті – ел ертеңі өскелең ұрпақты ұлы Абай шығармалары арқылы саналы да сапалы етіп тәрбиелеу, жастардың әлем мен жарытылысқа, қоғам мен жеке адамдарға деген көзқарасын, түсінігін, санасын Абай әлеміне саяхат жасау кезінде Абай ойлары арқылы қалыптастыру.Шараға қалалық  білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты.

Шараның салтанатты ашылуында мектеп оқушылары Абайдың өлеңдерінен үзінділерді жатқа оқыды. Келесі кезекте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқушылар Абайдың қарасөздерін жатқа айтты.

Сонымен қатар қазақ ақындарының Абайға арналған арнау өлеңдері оқылды. «Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай Абай әндері орындалды. «Абай мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» -деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға берді. Олай болса, барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс.

Atr-Ақпарат

http://atr.kz/bez-rubriki/abajdy-t%d2%afsinip-zh%d2%afrmiz-be/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз