АТЫРАУДА АҚЫНДАР АЛАҢЫ ҚҰРЫЛДЫ

ZOuv HjrdRo 1 Жаңалықтар


Atr.kz/14 наурыз, 2019 жыл. Атырауда анайы «Әлібек» ақындар алаңы ашылды.

Нұрберген Дәулетов жетекшілік ететін «Жерұйық» шығармашылық орталығының қолдауымен, «Елсана» руханият клубының ұйымдастыруымен ізгілікті бір шара өтті. Ол «Әлібек» ақындар алаңы» деп аталды. Шараның басты  мақсаты – белгілі журналист, публицист, Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі Әлібек Қайыровтың рухына тағзым ету.

IMG 20190313 WA0043
«Әлібек» ақындар алаңы»

«Елсана» руханият клубы жетекшілерінің бірі, танымал ғалым, қоғам қайраткері Бақтыбек Таубаевтың түсіндіруінше, мұндай шараның Әлібек Жұмағалиұлына арналуының өзіндік себебі де жоқ емес. Өйткені. бұл азамат өзі керемет ақын болмаса да өлең-жырды жанымен сүйген, поэзияны қадірлеген ақынжанды адам еді. Осы өнерге ғашық та машық жастардың басын біріктіріп. ақындар мектебін ашуды армандаған-ды. Міне, бүгін сол арманы орындалып, Атырауда «Әлібек»ақындар алаңы ашылып, салтанатты жағдайда тұсауы кесілді.

Шарада алдымен Ә.Қайыровтың атына жазылған Алғыс хат табысталса,қаламдостары, замандастары әдемі де әсерлі естеліктерімен бөлісті. Жас ақындар өлеңдерін оқыды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз