Атырауда 6 жасар қыз бала желшешектен көз жұмды

Жаңалықтар Оқиға Құқық

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Атырауда 6 жасар қыз желшешек жұқтырып, қайтыс болды.

«Алты жасар қыз бала ауруханада желшешектен қайтыс болды. Ол ауруханаға түскен кезде қалыптан тыс синдром жағдайында болды», – деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Желшешек – ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Онымен негізінен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Сырқаттың инкубациялық кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14-15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура көтеріліп, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *