Атырауда 4 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған

f9126f9140b1f33684afcea90f02b847 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Бірінші жағдай Атырау қалалық №3 емханада тіркелді.

Медбике 14 жастағы жасөспірімнен анализ алу кезінде, қатерлі ауруды жұқтырып алған. Кейін медбикемен қарым-қатынаста болған сол емхананың тағы 2 медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты.

Төртінші медициналық қызметкер Атырау облыстық ауруханасында жұмыс істейді. Ол қызылқоғалық коронавирусқа шалдыққан науқаспен қарым-қатынас кезінде инфекция жұқтырған.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, қызылқоғалық әйел адамның вирусты нақты кімнен және қандай жағдайда жұқтырғаны белгісіз.

Бір анығы, әйел адам Атырау қаласында жүріп науқастанған. Және инфекция жұқтырғаннан кейін ол Қызылқоға ауданы территориясына бармаған.

Қазіргі таңда онымен байланыста болған 25 атыраулықтың 13-і карантин изоляторында жатыр. Олардың ауруды жұқтырған-жұқтырмағаны талдау сараптамалары нәтижелерінен соң нақты белгілі болады. 12 адам үйге оқшауланды.

Қазіргі таңдағы соңғы ақпарат бойынша елімізде қауіпті індетке шалдыққан қазақстандықтардың саны 402 адамға жетті. 27 адам сауығып шықты. Өкініштісі, коронавирус үш адамның өмірін жалмап кетті.

shsh

Баян ЖАНҰЗАҚОВА (иллюстративті фото)

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-%d2%9ban-donorlary-tapshy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз