Атырауда 3D форматындағы жаяу жүргіншілер белгісі салынды

whatsapp image 2019 10 09 at 12.54.02 1 Жаңалықтар

Atr.kz/9 қазан, 2019 жыл. Аталған жүргіншілер жолағы  қала көшелеріндегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға  бағытталған.

3D форматындағы алғашқы жаяу жүргінші жолы Құлманов көшесінде пайда болды. Мұндай ерекше жүргіншілер жолы шетел тәжірбиесінде  бар, ал  Қазақстанда үш өлшемді «жолақтар» тек ірі қалаларда ғана жасалынған. Енді, мұндай өткелді  қаламыздың орталық көшелерінен де кездестіруге болады.  Жоба  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің бастамасымен қолға алынған. 

– 3D форматтағы жаяу жүргіншілер  жолы –  қала кқшелеріндегі жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілердің өмірін қауіпсіздендіруге арналған. Қазіргі таңда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуде.  Мәселен,  ағымдағы жылдың өзінде облыс орталығында 315 жаңа жол белгілері орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы заманауи жарықтандырғыштармен жарықтандырылды, – дейді қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз-хатшысы Аңсаған Сағынбаева.

Сонымен қатар, Атырау қаласының мектептері мен балабақшаларының маңында жол белгілері жаңартылып, қала маңындағы елді мекендерде  жаяу жүргіншілер өткеліне арналған жарықдиодты шамдар орнатылған.

Айта кетейік,  соңғы селекторлық жиналыс кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жол қауіпсіздігі тақырыбын талқылап, полиция департаментінің басшылығына және жергілікті атқарушы органдарға  жол-көлік оқиғаларының санын азайту жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.

whatsapp image 2019 10 09 at 12.54.02

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз