Атырауда 35 пәтер тонаған топ қолға түсті

1458887153 yveri Жаңалықтар

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. Атырауда 35 пәтерді тонады деген күдікпен бір топ адамдар ұсталды.

Полиция қызметкерлері Атырауда бірнеше пәтерді тонады деген күдікпен Жылыой ауданының екі тұрғынын ұстады. Олар күдікті болып отырған ұрлықтың басы 2018 жылы басталып, қазірге дейін толастамаған. Ұрылар үйлердің пластик терезелер бұзып кіріп, қолына ілінгенін алып кетіп жүрген. Ноутбуктер, әшекей бұйымдары, телефондар, гаджет атаулының кез келген түрі, кеңсе техникалары, қолсағаттар, тіпті құрылыс аспаптарына дейін дымын қалдырмай ұрлаған.

«Ұсталғандардың 35 ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдіктілер қазір қамауда отыр, оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – дейді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәркіленген заттардың көпшілігінің иелері әлі табылған жоқ. Осыған байланысты, полицейлер жәбірленген азаматтардың №1 қалалық полиция бөліміне хабарласуын сұрайды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз