Атырауда 260 орындық жатақхана пайдалануға беріледі

Жаңалықтар

Atr.kz/13 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы «Білім-Инновация» лицейі студенттеріне арналған жатақхана құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 260 орындық жаңа жатақхананың құрылысы 90% аяқталған. Оны пайдалануға беру ағымдағы жылдың қазан айында жоспарланған. Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы салынып жатқан құрылыс нысанында болып, жұмыстың барысымен танысты.

– Сіздің оқу ордаңыз бұрыннан жақсы жағынан танымал. Жоғары сапалы білімнің арқасында лицей оқушылары республикалық және халықаралық маңызы бар олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады, сіздің түлектеріңіз еліміздің және әлемнің жетекші университеттеріне түсуде. Бүгінде оларды ірі компаниялар жұмысқа қабылдауға дайын және бәсекеге қабілетті мамандар. Сондықтан оқушылар оқу үшін барлық жағдай жасалуы керек», – деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы интернат басшылығына.

– Бүгінде бұл жерде 263 оқушы білім алуда, алайда бұрынғы жатақхана тек 130 орынға есептелген. Салынып жатқан жаңа нысан лицей оқушыларына арналған жатақхана жетіспеушілігі мәселесін шешеді деп ойлаймын деп атап өтті «Білім-Инновация» лицейі директоры Исмаил Елман.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *