Атырауда 1,5 мыңға жуық браконьерлік балық аулау құралдары жойылды

whatsapp image 2019 10 09 at 15.03.45 Жаңалықтар

Atr.kz/9 қазан, 2019 жыл. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 1450 иесіз браконьерлік ауларын  жойды.

Инспекцияның мәліметінше, Атырауда 1450 иесіз деп танылған  балық аулау құралы мен 65 жүзу қайығы,  «астау» тәркіленді.
Жалпы, ағымдағы жылдың  9 айдың көрсеткіші бойынша, облыстың су объектілерінде 1858 балық қорғау заңнамасының бұзылуы анықталды, 1124 тұлғаның үстінен іс қозғалып , оның 251-і сотқа тартылды. Инспекцияның мәліметінше, 12 қылмыстық іс қозғалды, 21 млн.теңгеден астам соммаға әкімшілік айыппұл салынды, 16 тоннаға жуық балық (оның ішінде 615 кг бекіре тұқымдас балық), сондай-ақ 2860 балық аулау құралы, 215 жүзу және көлік құралдары тәркіленді.
Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында екі бекіре тұқымдас балық өсіру зауытында 277 өндіруші ұсталды, Жайық өзеніне 7,5 миллионнан астам бекіре тұқымдас шабақтар жіберілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз