Атырауда 11 көше қалпына келтіріліп, кеңейтіледі

5f274558 7e3b 45be bbc2 d1333ce90471 e1500901235104 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Қала жолындағы 31 учаскеде шұңқыр жөндеу жұмыстары жүреді. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мәліметі бойынша, қазір жалпы ұзындығы 27,605 км болатын 8 көшені қалпына келтіріп, кеңейту үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.

– 25 сәуірде көшелердегі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын мердігер мекемені анықтауға ашық конкурс жарияланды. Қорытындысы 15 маусымда белгілі болады,-дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин. Қала әкімшілігі мына көшелерді қалпына келтіріп, кеңейтуді жоспарлап отыр. – Ғұмаров көшесі (0,528 км), Құрманғазы (4,05 км), Бейбарыс (10,002 км), Ғабдиев (1,234 км), С.Датов (4,69 км), Амандосов (2,925 км), Уәлиханов (2,346), Гагарин (1,83).

– Жалпы ұзындығы 6,986 км болатын үш көше – Азаттық даңғылы (2,546 км), Әуезов (2,84 км), Мәденов (1,6 км) көшелерін қалпына келтіріп, кеңейтуге ЖСҚ жасалды. Мамыр айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтуі керек. Маусым айында қалалық мәслихат сессиясында бекітілгеннен кейін жоғарыда көрсетілген көшелердегі жолдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, -деп нақтылады Шәкір Кейкин.

  • Сонымен қатар, биыл 13000 шаршы метр қала көшелеріне шұңқыр жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір мердігер мекемені анықтауға байқау жарияланды. Жыл соңына дейін шұңқыр жөндеу жұмыстары мына мекен жайлардағы 31 көшеде жүргізіледі:

1) Азаттық даңғылы;
2) Орталық көпір;
3) Сәтпаев көшесі, «Тамаша» СҮ маңы;
4) Жеті Қазына ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы;
5) Жарбосынов көшесі;
6) «Рахат» базары маңындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы:
7) Канцев көшесі;
8) Смағұлов көшесі;
9) Алмагүл 1-2 ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы;
10) Атырау ықшамауданы «Еркемай» балабақшасының маңы;
11) Балықшы ықшамауданы А.Құнанбаев көшесі;
12) Қожақаев көшесіндегі   21 тұрғын үй аумағы;
13) Балықшы ықшамауданы облыстық офтальмология аумағы;
14) Балықшы ықшамауданы «Айсберг» рестораны аумағы;
15) Жастар мен Сатыбалдиев көшелерінің қиылысы;
16) Лесхоз ықшамауданы Сыдықов көшесі;
17) Тұрғын үй қалашығы-Әуезов көпірі аумағы;
18) Әуезов көшесі №61-63 тұрғын үйлер аумағы;
19) Қабдолов көшесі;
20) Водников-Көкарна-Балықшы жолы қиылысындағы «Қазмұнайгаз» ЖҚС аумағы;
21) Теміржол ауруханасы аумағы;
22) Берғалиев көшесі;
23) Сәтпаев №36 үй аумағы;
24) Махамбет көшесі  №101 үй аумағы;
25) Темірханов көшесі (бұрынғы қаржы полициясы ғимараты маңы);
26) Авангард-3 ықшамауданы №39 а-б-в тұрғын үйлер аумағы және «Технодом» аумағы;
27) Атырау-Доссор-Геолог жолының қиылысындағы бағдаршам аумағы;
28) Геолог,  Агропром көшесі;
29)Жұмыскер ықшамауданы;
30) Өркен 1-2 ықшамауданы;
31) Досмұхамбетов көшесі №3а-14а үйлер аумағы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз