Атырауда әскерилер қаланы зарарсыздандырып жатыр

img 20200330 wa0087 Жаңалықтар

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Атырауда зарарсыздандыру шараларына ҚР Қорғаныс министрлігінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы тартылуда.


Ықшам аудан тұрғындарына алдын ала хабарланғаннан кейін 30 наурыз күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қарулы күштерінің әскери құрамы Нұрсая және Тұлпар-1, Тұлпар-2 ықшам аудандарына дезинфекция жұмыстарын бастап кетті.

Көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістері, балалар ойын алаңдары толық зарарсыздандырылуда.

img 20200330 wa0091

Ринат Джанглишов,
Атырау қаласы әкімінің орынбасары:


⠀⠀- Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты адамдар көп шоғырланатын орындарға, автобустарға, аялдамаларға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Бүгін ықшам аудандардағы көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, балалар ойын алаңдарына зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл алдын ала профилактикалық шара болғаннан соң тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймын.

Алмаз Несіпқалиев,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы :

⠀⠀- Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғау және заңды құқықтарын сақтау жөнінде тапсырма берген болатын. Атырау қалалық әкімдігінің арнайы бекіткен орындары бойынша, 142 үйді қамтитын 33 аулаға толығымен дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Біздің бөлімшемен жалпы көлемі 17000 шаршы метрді құрайтын аумақ 0,00045 % ды дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзымен зарарсыздандырылды. Аталған жұмысқа жеке құрамның 88 әскері және 1 «АРС-14» автоқұйылмалы стансасы тартылды.

img 20200330 wa0090
http://atr.kz/bez-rubriki/d%d3%99rigerge-%d2%9bandaj-zha%d2%93dajda-2-million-te%d2%a3ge-beriledi/


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз