Атырауда әскери қызметшілер 50 литр қан тапсырды (+ФОТО)

e98a7703 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/25 ақпан, 2020 жыл. Таяуда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері жергілікті ауруханалардағы ауыр науқастарға демеу ретінде қан тапсырды.

Айта кету керек, әскерилердің басым бөлігі қан тапсыруға бірінші рет келген. Қызметтің тығыз кестесіне қарамастан, «Донор күні» акциясына қатысқысы келген әскерилердің қарасы 100-ден асты.

«Процедурадан бұрын әр донор қан тобын анықтау үшін алдын-ала зертханалық тексеруден өтіп, қажетті сауалнамалер мен дерек құжаттарын толтырып, дәрігермен сұхбаттасты. Донорлық қан апаттардан зардап шеккендерге, қаламыздағы ауруханаларда жатқан науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылады», – дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының медициналық қызмет офицері, майор Аброр Исаходжаев.

Шара барысында барлық донорларға медицина қызметкерлері ыстық шай мен тәттілер ұсынды. Дәрігерлер мерзімді қан тапсырудың ағзаға пайдалы әсері барын айтты. «Донорлардың ауруға шалдығу ықтималдығы аз және өздерін сергек сезінеді деп саналады» деп түсіндірді медицина қызметкерлері.

Әскери қызметшілердің өздері осындай акциялардың қаншалықты маңызды екенін түсініп, ұдайы насихаттап отыру қажет екенін айтады. Ал, осы жолы акцияның нәтижесі бойынша олар 50 литрге жуық қан тапсырды.

Рүстем ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы

e98a7705
e98a7710
e98a7722
e98a7713
http://atr.kz/bez-rubriki/ishki-ister-ministrligi-ty%d2%a3-derek-zhariyalady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз