Атырауда қолға алынған ірі полипропилен және полиэтилен жобалары елдің дамуына ерекше серпін береді

c2e0328dd899769fd2f412ea03d5f64441ad304c Жаңалықтар

Atr.kz/1 қазан, 2019 жыл.  Мұнай-химия саласындағы әр доллар экономикаға 2-3 долларлық өсім әкеледі.

 Жаңадан 7 жұмыс орнын ашуға да мүмкіндік береді. Оның үстіне мұнай-химия өнімдері өнеркәсіптің барлық саласында қолданылады. Атырауда қолға алынған ірі полипропилен және полиэтилен жобалары осылайша елдің дамуына ерекше серпін береді деген үміт бар.

Энергетика министрінің орынбасары Мұрат Жүребековтың айтуынша, мемлекет мұнай-химия саласын дамытуға, көмірсутегі шикізатын қайта өңдеп, өнімдерін шығаруға маңыз беріп отыр. Аталған салаға инвестиция тарту үшін ерекше қолдау көрсетуде.

 – Энергетика министрлігі назар аударып отырған сала – мұнай-химия кешенін дамыту, көмірсутегі шикізатын қайта өңдеп, өнімдерін шығару. Мұнай-химия саласы экономиканың дамуына жол ашады. Оның өнімін өнеркәсіптің барлық саласы, соның  Алып  кешеннің  келешегі ішінде  құрылыс, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы да тұтынады. Яғни, қай салада да мұнай-химия өнімдеріне сұраныс өте жоғары, – деді Мұрат Жүребеков. Атыраудағы арнайы мұнай-химия аймағы салықтық және кедендік артықшылықтарға ие болып отыр.

«Мемлекет инфрақұрылым құрылысын жүргізуді қаржыландырады. Өйткені, бұл капиталды 20 пайызға және пайдалану шығындарын 15 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі жеңілдеді. Осылайша, ведомоствоаралық комиссия деңгейінде өтініштер «бір терезе» қағидаты негізінде қаралады. Бұл бағыттағы жұмыс рұқсат беру мерзімін екі жылдан үш айға дейін қысқартты» деді министрдің орынбасары Мұрат Жүребеков.

Қазір жобалау мен құрылыста халықаралық стандарттарды қолдану мәселесі шешімін тапты.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз