Атырауда қатерлі ісікке қарсы орталық құрылады

ginekologiya Жаңалықтар

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Президент Жолдауы талқыланған актив жиналыста айтты.

«Атырауда қатерлі ісік ауруын алдын алу мақсатында жапондық технологияларға негізделген медициналық орталық құрылады. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізу жоспарлап отырмыз» деді спикер. Аталмыш орталық жобасы инвесторларға тікелей байланысты болғандықтан ол, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, «Атырау Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Atyrau Innovations» ЖШС келген инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсетеді, соның ішінде «Бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсететіндігін атап өтті. Тағы бір жаңалық, инвестициялық қызметке байланысты проблемаларды жедел шешу үшін Атырау облысы әкімдігімен «Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» Өңірлік кеңес құрылды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз