Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Renaissance қонақ үйінде «Жігер мұнай сервис» ЖШС ұйымдастыруымен қайырымдылық кеш өтті.
Жиналған қаражат » Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу ортылығы» мемлекеттік мекемесіне аударылды.
– «Жігер мұнай сервис» ЖШС бұл іс – шараны 2 жыл қатарынан өткізуде. Басты мақсат – кәмелетке толмаған жастарды бейімдеуге атсалысу, – дейді «Жігер мұнай сервис» ЖШС PR – менеджері Арай Серікбаева.
Мерекелік кеште аукцион өткізіліп, лоторея ойнатылды.
– Атырау облысының кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы ата-ананың қамқорлығынсыз, қарауынсыз қалған балаларды уақытша қабылдап, олардың заңды өкілдерін табуға көмектесетін мемлекеттік мекеме.
«Жігер мұнай сервис» ЖШС осымен 2 жыл қатарынан біздің мекемеге өз үлестерін қосуда. Осындай игі шаралар мемлекеттің дамуына өз септігін тигізетініне еш күмәнім жоқ. Орталық атынан компанияға алғысымызды білдіремін,- дейді Атырау облысының кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы мемлекттік мекемесі директоры Бижанова Ғалия.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі