Атырауда үздік құрылысшылар марапатталды (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.28 Жаңалықтар

Atr.kz/12 тамыз, 2019 жыл. Бүгін осы мамандықтың 10 өкілі өңір басшысының​ атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Облыс әкімдігінде Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде әкімнің орынбасары әрбір маманның мұнайлы астананы дамытып, жаңғыртуға қосқан үлесін атап өтті. ​ ​ ​

– Құрметті құрылысшылар, осы жасампаз мамандықтың әрбір өкілін құттықтаймын. Облыстың инфрақұрылымын дамытудағы сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Сіздердің арқаңызда облыста 1000 астам нысан салынды. Өңір басшысының атынан сіздерге алғыс айтамын және сіздерге табыс пен бақ-берекет тілеймін,- деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Таубаев. ​ ​ ​ ​ ​ ​

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.28 1
WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.29 1
WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.29
WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.30 3
WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.30 1
WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.30 2
WhatsApp Image 2019 08 12 at 13.25.30
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз