Атырауда қытайлық екі азамат ұсталды

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/28 қараша, 2019 жыл. 19 қараша күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкеріне екі миллион теңге пара беру кезінде Қытайдың екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған. Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы ақшалай сыйақы ұсынған. Ұсталғандар мойындау түсініктерін берді. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *