Атырауда қойма өртеніп, бір адам зардап шекті

Жаңалықтар Оқиға

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл.  «Өрт ағаш есіктердің үлкен партиясы сақталған қоймадан шықты.

Ғимараттың ішінде басталған өрт шатырға өткен. 125 шаршы метр жерді шарпыған жалын толық сөндірілді. Салдарынан 1955 жылғы ер адамның аяқ-қолдарын күйік шалды. Ол оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», – деді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Қисықова.

Оның мәліметінше, тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 13 адамы және үш техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *