Атырауда қайырымдылық балл өтті (+ФОТО)

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Renaissance қонақ үйінде “Жігер мұнай сервис” ЖШС ұйымдастыруымен қайырымдылық кеш өтті.

Жиналған қаражат ” Атырау облысы кәмелетке  толмағандарды бейімдеу ортылығы” мемлекеттік мекемесіне  аударылды. 

– “Жігер мұнай сервис” ЖШС бұл іс – шараны 2 жыл қатарынан өткізуде. Басты мақсат – кәмелетке толмаған жастарды бейімдеуге атсалысу, – дейді “Жігер мұнай сервис” ЖШС PR – менеджері Арай Серікбаева. 

Мерекелік кеште  аукцион өткізіліп, лоторея ойнатылды.  

– Атырау облысының кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы ата-ананың қамқорлығынсыз, қарауынсыз қалған балаларды уақытша қабылдап, олардың заңды өкілдерін табуға көмектесетін мемлекеттік мекеме.

“Жігер мұнай сервис” ЖШС осымен 2 жыл қатарынан біздің мекемеге өз үлестерін қосуда. Осындай игі шаралар мемлекеттің дамуына өз септігін тигізетініне еш күмәнім жоқ. Орталық атынан компанияға алғысымызды білдіремін,- дейді Атырау облысының кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы мемлекттік мекемесі директоры Бижанова Ғалия. 

Айта кетейік, аталмыш іс -шара 3 миллион 111 мың теңге қаражат жинады.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *