«Тілсіз жау» неден тұтанды? (+ВИДЕО)

screenshot 20200216 004320 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/16 ақпан, 2020 жыл. Атырау қаласының қақ ортасында отқа оранған бес қабатты үйдің тұрғындары дін аман. Барлығы 300 адам сыртқа шығарылып, қауіпсіздік шаралары алынған. Бірақ…

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке сүйенсек, өрт туралы ақпарат күндізгі сағат бесте түскен екен. Жеке құрамнан 47 адам мен 15 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сөйтіп, М.Өтемісұлы көшесіндегі №121 үйдің жоғарғы қабатында орын алған өрт 1,5 сағат өткен соң сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған от шатырға көшіп, мың шаршы метрге жуық аумақты шарпыған. Аталған үй 1972 жылы пайдалануға берілген. Тұрғындар осыдан тура тоғыз жыл бұрын үй күрделі жөндеуден өткенін айтады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

https://www.instagram.com/tv/B8mGHuPBRdk/?igshid=156i32q78vzmn

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-қalasynyң-қaқ-ortasynda-kөpқabatty-үj-otқa-orandy-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз