КАРАНТИН: Атыраудағы блок посттарға полициямен бірге, әскерилер тартылды

e98a0975 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

«Атырау қаласында жарияланған карантин режиміне байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Полиция департаментінің өкілдерімен бірге блокпосттарда қызмет етуде» деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз-қызметі.

Бүгінгі таңда Атыраудағы төрт блокпостта 60-қа жуық әскери қызметшілер екі ауысыммен қызмет етуде. Оған қоса, блокпосттарды күшейту мақсатында төрт «Арлан» брондық техникасы бөлінді.

e98a0965
e98a0964


«Шектеу бекеттеріне тәжірибелі әскери қызметкерлер тартылды. Олар қазіргі қалыптасқан жағдайды және аймаққа қандай қауіп төніп тұрғанын жақсы түсінеді. Әскери қызметшілер түрлі қызметтік жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, халық игілігіне қызмет етуге әзір», – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияров.


Жоғарыда айтылғандай, «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан нысандарды дезинфекциялау және қаланы патрульдерден басқа, блокпосттарды күшейту үшін тиісті дайындықтары бар келісімшартты әскери қызметшілер тартылған болатын.

e98a0983
e98a0985
e98a0990
http://atr.kz/bez-rubriki/virus-baj%d2%9balma%d2%93an-atyrauda-tirkelgen-eki-nau%d2%9basty%d2%a3-kimder-ekeni-any%d2%9btaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз