АТЫРАУДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАГЕРІ неге алаңдаулы?

097d0c0f1242a0a73621a8db2b8aad5d big Жаңалықтар

Atr.kz/28 ақпан, 2020 жыл. Атырауда ауыл шаруашылығы құрылымдары мен фермерлерінің кеңейтілген жиыны өтті. Алқалы басқосуда саланы дамыту, ондағы қордаланған көкейкесті проблемаларды шешу жолдары талқыға салынды.

Ереже неге өзгереді? Жиында «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен шаруа қожалықтарының негізгі көкейкесті мәселелері туралы баяндады. Мал шаруашылығын дамытудағы бүгінгі мүмкіндіктер мен міндеттерге тоқтала келе, Үкімет тарапынан шаруагерлерге жасалып отырған кешенді көмектердің берілу жолдарын түсіндірді.

Бірлестік төрағасының айтуынша, 2003 жылы құрылған қоғамдық бірлестікке 40 мыңнан астам шаруа қожалығы тіркелген. Оларда жалпы есеппен 300 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алайда, ауыл шаруашылығы саласындағы ережелердің сан мәрте өзгеруі саланың дамуына кедергі болуда. Соңғы 28 жылдың ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылары 18 рет өзгерген. Әрине, мұндай кадрлық өзгерістер саладағы заңдылықтардың жиі өзгеруіне ықпал етеді. Ауыл шаруашылығының негізгі көзі – мал өсіру.

Еліміздің әр аймағында мал санын көбейту ақсап тұр. Мысалы, Қазақстанда 90-шы жылдары 38 млн. қой болса, қазір еліміздегі ұсақ малдың саны 17 млн. екен. Ал, 3 млн. халқы бар көршілес Моңғолияда 85 млн. бас қой тіркелген. Төзімді тауысқан субсидия Жиын барысында әр өңірден келген шаруа қожалығының өкілдері түйткілі көп мәселелерді қозғап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Алдымен исатайлық шаруагерлер өткен жылы «Қазсушар» РМК-нан пайдалануға алған су үшін Үкімет тарапынан субсидия есебінде берілетін 1 млн. 116 мың теңгені ала алмай отырғанына шағымданды.

Ал, «Манаш» шаруа қожалығының жетекшісі Жарылғасын Байжан Жылыой ауданында 271 шаруа қожалығы тіркелгенімен, олардың 70 пайызы ғана жұмыс істейтінін жеткізді. Су мен жем-шөп тапшылығы шаруагерлерді тұралатып, мал санының көбеюіне тосқауыл болып тұр. Шаруаға қажетті тракторларды сатып алу бағасы да қымбат. Әр тракторға 7-8 млн. теңге қаражат керек. Қазір ауыл адамдарының кейбірі сиырларын сатып, қазіргі таңда қала тұрғындарына ұқсап «консерві» сүт ішетін болыпты.

Қасқырдан төнген қауіп Атырау қаласы маңындағы Қайыршақты селолық округіндегі «Жас жігер» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Исламовтың айтуынша, түз тағысының қаупі күшейіп тұр. «Приморский» каналының бойынан жер алып, шаруагер желтоқсан айында жеті түйесінен айырылған. Дәніккен қасқырлар тал түсте де шабуыл жасайтын болған. Азулы арландар 1999 жылы 8-9 түйесін жеп кеткен.

Бірақ, сол тұста шаруагерде қасқырдан қорғанар мылтық та, оны қолдануға рұқсат та болған. Қазір соның екеуі де жоқ. Себебі, былтыр Үкімет қасқыр атуға тиым салды. Ал, мылтығын осыдан бірер жыл бұрын құзырлы органдар қызметкерлері жинап алып кетті. Сондықтан, қожалық иесі қасқырға тоқтау салар амалдардың жедел түрде қолға алынуын қалайды.

Қызылқоға ауданындағы «Әнет» шаруа қожалығының ж е т е к ш і с і Ж ә н і б е к Аралбаевтың айтуынша, алғашқы өңдеу құрылғысы бар мал сою бекеттерін ашып, оны халықаралық сертификаттау қажет. Малды халықтан нарықтағы бағадан жоғары сомамен алып, субсидияны дайындау орталықтарына беру керек. Сонда ортадағы делдалдар жойылады.

Шаруагер жаңа заңға сәйкес «300 бас аналық сиыры бар қожалықтар ғана қашар сата алады» деген тармақты қайта қарауға ұсыныс жасады. Себебі, бірен-саран қожалықтар ғана болмаса, 300400 бас аналық сиыр ұстауға кез келгеннің мүмкіндігі жоқ. Осынша көп мал бағуға шаруагер жерінің көлемі сәйкес келмейді.

Қазақтың ақ бас сиырын көбейтуді көздеп жүрген Исатай ауданы «Можанов» шаруа қожалығының иесі Тұрлан Можановтың мәлімдеуінше, субсидия алу ережесі соңғы алты жылда 10 рет өзгеріпті. Ол бұл ереже талабын өзгерте бермеуді ұсынды. Мақат ауданындағы «Нұржан» шаруа қожалығының иесі Теңелсін Құбай су тапшылығын көріп отырғанына қынжылады.

Шаруашылықтар қазір Егіз каналына толтырылған суды пайдалануда. Жайықтан тартылатын бұл канал мен шаруашылық арасы 25 шақырымды құрайды. Шаруашылыққа тұрба арқылы
осы каналдан су жеткізуге көмек керек. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің айтуынша, жергілікті шаруагерлерді толғандырған мәселелер облыстық мәслихат депутаттары мен республикалық а т қ а р у ш ы о р г а н д а р талқысына ұсынылады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

http://atr.kz/bez-rubriki/t%d2%afrkistan-oblysynda-%d3%99skeri-b%d3%a9limnen-%d2%b1rlan%d2%93an-%d2%9baru-zhara%d2%9btar-toly%d2%9btaj-tabyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз