Атыраудағы 21 байланысушыда коронавирус инфекциясы расталмады

photo 306924 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. COVID-19 жұқтырушыларды  тексерген төрт медицина қызметкерлерінің тест қорытындылары да теріс нәтиже көрсетті.

Атырау облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының  хабарламасына сәйкес, Атырау облысындағы коронавирус жұқтырған  төрт науқаспен 21 адамның  байланыста болғаны  анықталды. Олардың барлығы  коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған экспресс-тесттен  өтті. Талдау  нәтижелері теріс нәтиже көрсеткен. Олар 14 күн бойы карантинде болады.

Сонымен қатар, COVID-19 жұқтырушыларды  тексерген төрт медицина қызметкерлерінің тест қорытындылары да теріс нәтиже көрсетті.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysynda-koronavirusty-anyқtajtyn-700-ge-zhuyқ-synama-test-bar/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз