Атырау: сайлаушылар белсенділігі жоғары

B2548E8E 0658 4D61 B48D Жаңалықтар

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл.  Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жүріп жатыр.

Атыраудағы Вокзалмаңы ықшам ауданындағы жергілікті агроколледж ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінің төрайымы Жұмағаным Аманғалиева берген мәлімет бойынша, аталған учаскеде 3000 сайлаушы тіркелген.
Таңғы сағат жетіде Қазақстан Гимні шырқалып, комиссияның қатысуымен сейф ашылып, сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады. «Ең бірінші болып 1961 жылы туған азамат Жасұлан Өтешов дауыс берді. Екі адам үйден дауыс беруге тіркелді. Оның бірі осы учаске бойынша ең жасы үлкен сайлаушы – Шәмшия Сәрсенова.
Алғашқы рет дауыс берген – 2000 жылы туған азаматша Маргарита Фобина. Оған сайлау комисиясы тарапынан сыйлық табысталды» дейді спикер.
Қазіргі таңда сайлау учаскесіндегі процеске «NurOtan», «Қазақстан коммунистік партиясы, «Ақжол» партиялары, «Тәуелсіздік таңы» қоғамдық ұйымының бақылаушылары қатысуда. Сағат түскі он екіде мұнда 270 сайлаушы дауыс берді.
Атыраудағы Сәбит Мұқанов атындағы №10 мектеп ғимаратында орналасқан №30 сайлау учаскесінің төрайымы Алмагүл Жұмағалиеваның айтуынша, учаскеде 2352 сайлаушы тізімделген.
Оның ішінде 8-і үйден дауыс беруге тіркелген. Аталмыш учаскедегі ең жас сайлаушы – 2001 жылы туған Ая Талап. Оған сайлау комиссиясы тарапынан сыйлық табысталды. «Ең жасы үлкен сайлаушымыз 1930 жылы туған Мария Зингер. Түскі сағат он екіге дейін 325 адам дауыс берді» дейді №30 сайлау учаскесінің төрайымы Алмагүл Жұмағалиева.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз