Атырау қаласының әкімі тұрғындар алдында есеп береді

84484868 193040728756248 1270428004484382720 o Жаңалықтар

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 7 ақпан күні сағат 10.00-де «Атырау қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылғы міндеттері туралы» әкімнің халықпен кездесуі өтеді.

Тұрғындардың қала әкіміне қояр сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін қала әкімдігінің ғимаратында, қалалық жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ №1, №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімшері, «Сарайшық» базары ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.

Сонымен қатар, ұсыныс-сұрақтарды қабылдау үшін,​ akimat_atyrau@atyrau.gov.kz электронды поштасына және Атырау қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы www.atyrau.gov.kz қала әкімінің блог платформасына жолдауға болады.

Қала әкімінің​ халықпен есепті кездесуінен кейін, жиын өткен орында​ Атырау қаласы әкімімен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады.

Atr-Ақпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз