Атырау облысының әкімі еріктілерге Елбасының алғыс хатын табыстады

whatsapp image 2020 06 16 at 16.33.02 Жаңалықтар

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. «Бүгін Атырау облысының әкімі «Biz Birgemiz!» акциясына қатысушы волонтерларды марапаттады,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, қиын-қыстау кезде Атырау облысы бойынша «Biz Birgemiz!» акциясы аясында 9000 астам отбасыға 222 миллион теңгенің көмегі жасалған. Атап айтқанда, жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттер  үлестіріліп, көмектер көрсетілді. Оларды 300-ден аса партия белсенділері мен еріктілер жеткізіп  берді.

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан «Birgemiz – Atyrau» аймақтық қоғамдық қорына 787 млн. теңге қаражат түскен. Оны Атырау қаласы, Жылыой, Мақат, Махамбет, Исатай аудандарының 7 санаты бойынша анықталған мұқтаж 15 741 азаматқа 50 мың теңге мөлшерінде тікелей аудару арқылы ақшалай көмек көрсетілген.
Алдағы уақытта Құрманғазы, Қызылқоға және Индер аудандарының мұқтаж 3904 азаматы 50 мың теңге мөлшерінде көмек көрсету жоспарлануда. 

whatsapp image 2020 06 16 at 16.17.48 1

Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтарал ауданына Атырау облысынан 150 тонна азық-түлік, киім-кешек тиелген гуманитарлық көмек пен 20 тонна балық жөнелтіліп, қосымша қаржылай көмектер де көрсетілді. 

«Тікелей осы жұмыстардың басы қасында жүріп, індеттің өршіп тұрғанына қарамастан, өздеріңіздің бастарыңызды қауіпке тігіп, волонтерлық қызметтеріңізді адал орындап, мұқтаж жандарға көмектескендеріңіз үшін алғыс білдіремін»,-деген аймақ басшысы бір топ белсенділерге Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті. 

Волонтерлер өз кезектерінде белсенділіктерін арттырып, жұмыстарын жалғастыратындарын айтты. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз