Атырау облысының әкімдігі «мемлекеттік аудитор» мамандығы бойынша грант береді

1529477571 ubt Білім

Atr.kz/21 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысының әкімдігі «мемлекеттік аудитор» мамандығы бойынша грант береді. Бұл туралы Тексеру комитетінің Төрағасы Руслан Бектемір айтты.

2018 жылы Атырау облысының әкімдігі жергілікті мектеп түлектеріне білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларында маман дайындауға жергілікті бюджет есебінен ЖОО-на 231 грант бөлген болатын.

2019 жылы Атырау облысының әкімдігі алғаш рет осы мамандықтармен қатар «мемлекеттік аудитор» мамандығына жергілікті бюджеттен 10 білім грантын бөледі.

Атырау облыстық Тексеру комиссиясының Төрағасы Руслан Бектемірдің айтуынша, аймақта мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарында маман тапшылығы бар.

– Осыған байланысты білім беру басқармасымен бірлесіп, кәсіптік-техникалық, орта және орта-арнайы білім беру мекемелерінің түлектері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мақсат- облыс әкімінің «мемлекеттік аудитор» мамандығы бойынша мемлекеттік грантына үміткерлерді дайындау және іріктеу,- дейді Р.Бектемір.

– Бұл шара өңірдегі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласында білікті мамандардың тапшылығын азайтуға бағытталған, жергілікті мамандарды оқытудың экономикалық тиімділігі де бар.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз