Атырау облысының тұрғыны «Miss Virtual World» әлемдік байқауында бақ сынауда

Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/9 қазан, 2019 жыл. Үш кезеңнен  тұратын дауыс беру нәтижесінде 21 жасар Арайлым Ишахат «Miss Virtual Kazakhstan» байқауының жеңімпазы атанды.

Атыраулық бойжеткен республиканың  барлық аймағынан қатысқан 1500-ден астам үміткерлердің арасынан суырылып шыққан.  Ол  «Miss Virtual World» халықаралық байқауында бақ сынап жатқан  жалғыз қазақстандық. ІnDriver мобильді қосымшасы арқылы жүргізіліп жатқан дауыс беру  20 қазанда аяқталады.

– Қазіргі таңда халықаралық деңгейде онлайн  дауыс беру жүргізілуде. Оған 20 елдің өкілдері қатысып жатыр.  Әзірге бірінші орында – Колумбия, екіншіде – Якутия мен Ресей келе жатыр.  Ал, үшінші  орында – Қазақстан, яғни, мен. Десе де, қазіргі таңда орын туралы сөз қозғау әлі ерте. Өйткені, дауыс беру нәтижесінде алшақтық бар.  Мендегі дауыс беру қазіргі таңда 3000-ға жуық нәтижені құрайды.  Аталған байқауда еліміздің атынан бақ сынап жатқандықтан, жерлестерімнен маған дауыс берулерін  сұраймын. Үздік 5-тік қатарынан көрінсем, ақтық мәреге жолдама алатын боламын, – дейді Арайлым. 

Арайлым Атырау облысының Индербор ауылында дүниеге келген. «Астана медициналық университетінің» түлегі. Бала кезінен ән шырқап, гитарада ойнайды.

Айта кетейік, «Miss Virtual World» – халықаралық деңгейде ғаламторда анықталатын сұлулық байқауы. Мұнда қатысушылар тамыз айынан қазан айына дейін онлайн-дауыс берудің ұлттық кезеңінен өтеді.  Ұлттың кезеңнен өтіп, халықаралық дауыс беру нәтижесінде жеңімпаздар Мексиканың Канун қаласында өтетін финалдық шараға жолдама алады. Ақтық мәре ағымдағы жылдың қараша айында өтеді деп жоспарлануда. Бас жүлде  – Porsche Cayman 718 спорт автокөлігі.

Жерлесіміз Арайлым Ишахатқа inDriver мобильдік қосымшасында келесі сілтеме бойынша дауыс беруге болады: https://terra-1.indriverapp.com/miss?m=2681&l=ru

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *