Атырау облысының әкімі Сириядан оралған қазақстандықтан эстафета қабылдады (+ВИДЕО)

6ce09b14e857028433080627c4ff0fd1 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/19 шілде, 2019 жыл. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды Атырау облысы əкімінің баспасөз қызметі.

https://youtu.be/GfzgH8uxseE

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа 6 адам жолдады.Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, «Ақ Жайық» газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай–ақ, актер, театр және кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа жолдаған болатын.

Атырау облысының әкімі Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты шығармасын оқып, эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа, экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз