Атырау облысының әкімі Құрбан айтпен құттықтады

Дін Жаңалықтар

Atr.kz/11 тамыз, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ атыраулықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті атыраулықтар!

 Сіздерді әлем мұсылмандарының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт мерекесі еліміздің бірлігін күшейтіп, бауырластықты арттыра түседі. Ұлттық мәдениетіміз бен салт-санамыздың өзегіне айналған, ата-бабамыздан келе жатқан дініміз тәуелсіз еліміздің рухани-мәдени жаңғыруының негізі бола береді деп сенемін.

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.

Осынау ұлық мерекеде құрбан- дық шалудың ең ізгі амалы – жетім-жесірлерге қол ұшын созу, араздасқанды татуластыру, адам­затты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты имандылық істермен астасып жатыр. Ендеше, ниеттеріңізді қабыл етіп, халқымызға нұр-шапағатын төге берсін.

Қасиетті мереке қарсаңында барлықтарыңыздың отбасыла- рыңызға бақ пен береке, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен,

Атырау облысының әкімі

Н.НОҒАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *