Атырау облысында екі мәдениет үйі пайдалануға берілді (+ФОТО)

Жаңалықтар Мәдениет

Аtr.kz/27 мамыр, 2019 жыл. Қос мәдениет үйі Индер ауданында орналасқан, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

23 мамыр күні Индер ауданының Есбол және Бөдене елді мекенінде мәдени нысандар өз жұмысын бастады. Жаңа нысандар «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы аясында салынған. Нысандардың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев, «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас менеджері Әсет Құрманбаев, облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи және ауыл тұрғындары мен ардагерлері қатысты.

– Еліміз егемендік алған күннен бастап тұңғыш президент Н. Назарбаев ең бірінші әлеуметтік салаларға көңіл бөліп, халықтың жағдайын жақсартуға ден қойды. Бүгінгі салтанатты шара осы бастаманың бір көрінісі болып отыр.Осы ғимаратты салуға демеушілік жасаған компания мен мердігер мекемеге алғыс білдіреміз,- дейді облыс басшысының орынбасары.

2016 жылы «Теңізшевройл» аталған бағдарлама аясында Индербор ауылында 400 орындық мәдениет үйінің құрылысын жүргізген болатын. 2017 жылы осы ауданның Ынтымақ ауылында компания есебінен 120 орындық мектепті іске қосты.

– ТШО компаниясы 90 жылдан бері облыста 84 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысан салған болатын. 
Бүгін кезекті нысандардың ашылуына куә болып отырмыз. Нысанның салынуына 2 жыл уақыт кетті. Бөдене ауылындағы 200 адамдық және Есбол ауылындағы 300 орындық мәдениет ошақтары толықтай қажетті жабдықтармен жабдықталған,- дейді Әсет Құрманбаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *