Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

1 16 Жаңалықтар

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов өз еркімен қызметінен кетті, – деп хабарлайды аталған басқарманың баспасөз қызметі.

Бұл жұмысқа дейін ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облыстық бөлімі директоры болған.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін Гүлнафис Таңбаева уақытша атқаруда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз