Атырауда «109» сенім телефонына екі аптада 10 мың қоңырау тіркелді

92054634 250813559645631 5318887744179535872 o Жаңалықтар

Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. Атыраулықтар қойған сауалдардың  көпшілігі  мерзімі кешіктірілген  несиелер, салықтан босату және әлеуметтік төлемдерді төлеуге қатысты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, «109» сенім телефоны 18 наурызда ашылды.  Диспетчерлік орталықтың екі апталық жұмысында облыс тұрғындарының 10 мыңға жуық өтініштері қабылданған.   Атап айтқанда,  байланыс орталығына тұрғындардан 7 мыңға жуық сұрақ,  87750006109  Whats’App  нөміріне 2 мыңға жуық хабарлама, жоғарыда көрсетілген  телефон нөміріне шамамен 1 мың қоңырау келіп түскен.

Халықтың  жиі қоятын  сұрақтарының  бірі – банктерге  несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, салықтан босату, әлеуметтік төлемдерді төлеу.  Бұл бағытта 3700 сұрақ қабылданып, өңделді.

Екінші кезекте коронавирустың алғашқы белгілерін түсіндіруге қатысты. Алдын-алу шаралары мен карантин және төтенше жағдай кезіндегі шектеу шаралары туралы жалпы саны  860 сұрақ қойылды.

Үшінші орында – әуе және теміржол қатынасы, жолаушылар тасымалы туралы  840 сұрақ келіп түскен.

Естеріңізге сала кетейік, «109» сенім телефонының диспетчерлік орталығында екі ауысым бойынша  6 оператор жұмыс істейді.  Олар халыққа жазбаша және ауызша түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronaviruspen-tirkelgen-so%d2%a3%d2%93y-%d2%afsh-nau%d2%9basty%d2%a3-zha%d2%93dajy-turaly-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз