«Атырау міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне толықтай дайын»

whatsapp image 2020 01 10 at 13.55.16 2 Жаңалықтар

Atr.kz/10 қаңтар, 2020 жыл. Бүгін, 10 қаңтар күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кеңінен түсіндіру мақсатында брифинг өткізді. Аталған жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастап кетті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. Халықаралық деңгейде өзінің нәтижесін көрсеткен жүйе, қазақстандықтар үшін пайдалы болмақ. МӘМС кірген жандар КТ, МРТ деген сынды медициналық қызметтерді тегін алатын болады. Бұл жүйенің арқасында медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуіне, сондай-ақ, соңғы технологиядағы аппараттар арқылы науқасты емдеуге қолжетімділік пайда болады.

– Атырау облысында 33 мемлекеттік, 30 жеке медициналық ұйым бар. Барлық медициналық ұйымдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне толық қосылды. Бұл жүйенің тағы бір артықшылығы, емделуші бұрын мемлекеттік медициналық ұйымнан тегін қаралатын болса, ендігі кезекте жеке немесе мемлекеттік болсын, өзі қалаған медициналық ұйымнан қаралып, тексеріле алады.

whatsapp image 2020 01 10 at 13.55.16 1
whatsapp image 2020 01 10 at 13.55.17 1
whatsapp image 2020 01 10 at 13.55.16
whatsapp image 2020 01 10 at 13.55.17

Бұл жүйеге облысымыздан әлі күнге дейін тіркелмеген адамдар бар. Егерде бұл жүйеге тіркелмеген жандар, ертеңгі күні медициналық қызметтерді тегін ала алмайды. Сол себепті, барлық тұрғындарды осы жүйеге тіркелуге шақырамын, – деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Сонымен қатар, мемлекет арнайы әлеуметтік деңгейге байланысты 15 санат бойынша, яғни әлеуметтік деңгейі төмен немесе көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер және т.б емделушілер статусына қарай медициналық қызметті тегін алады. Олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жарнаны мемлекет төлейтін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз