«Атырау» газетіне жазылу жүріп жатыр…

Газет және оқырман Жаңалықтар

Atr.kz/8 қараша, 2019 жыл. Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы Исатай Балмағамбетовтің атына жеделхаттар мен басылымға жазылу бойынша қолдау хаттары түсіп жатыр…

Өнерлі өрендер білім алатын оқу орнында игі дәстүр қалыптасқан. Бұл –жергілікті және республикалық басылымдарға жазылу. Солардың ішінен «Атыраудың» ойып алар орны бар. Ондағы әр сөз оқырманға ой салып, зор жауапкершілік жүктейді, әр сөйлемінде тарих пен тағылымның табы бар. Мұнайлы мекеннің бас басылымына айналған «Атырауға» былтыр елу ұстаз жазылса, биыл одан да көп болады деп сендіреміз. Бұдан бөлек, биыл отыздан астам адам осындағы кәсіподақ ұйымы арқылы жазылды.

Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің ұжымы

«Атырау» газеті – өлке баспасөзінің қарашаңырағы, барша оқырманның асыға күтетін төл басылымы. Сол себептен газетке жазылу әрқайсымыздың парызымыз болуы тиіс деп ойлаймын. Осы орайда, шаруа қожалығының басшысы ретінде алдағы жылға оннан астам ауылдасымды облыстық «Атырау» газетіне жаздырып беремін. Сүйікті газетіміздің жазары да, оқырмандары да көп болғай!

Алшын ОМАРОВ,

«Сарқұмақ» шаруа қожалығының басшысы, Қызылқоға ауданы

***

Облысқа белгілі кәсіпкер Төкен Танаұлының игі бастамасына қолдау білдіруді жөн санадым. Себебі, ақпараттық сала цифрланғанымен, тасқа басылған басылым құндылығын жоймайды. Өңірдің тыныс-тіршілігін тұрақты көзі қарақты оқырманның көзайымына айналған басылымды бірнеше адамның алуына көмегімді көрсетемін.

Раиса КӨШЕКОВА,

«Изекен» ЖШС директоры, Атырау қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *