Атырау аймағының басшысы ауыл-аймақты аралауда (+ФОТО)

Аудан хабарлары Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика

Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ауданға қарасты барлық ауыл-аймақтарды аралап, ауыз су, ішкі жол және ауылшаруашылығы төңірегінде туындаған мәселелерді талқылады. 

Аймақ басшысы алдымен Береке ауылына барды. Мұнда, өткен жылы ауыл ішіне 2,4 км жол төселіп, 19,3 шақырымды қайта жаңғырту үшін, жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталған. Ал, тоқ көзін күшейту мақсатында, электр желісін тарату пункті және трансформаторлық қосалқы станциялар орнату көзделген. Бұл ретте,  облыс әкімі алдымен,  ауыз су мәселесі шешілсін деп баса айтты.

Ары қарай, аудан аумағында орналасқан «Meken-Chiken», «СП Первомайский» және “Агро өнімдері”  ЖШС жұмысымен танысып, аудан әкімдігіне  жергілікті шаруа қожалықтарына жан-жақты қолдау көрсетуін міндеттеді. Одан әрі, облыс басшысы Сарайшық ауылдық округіне барды. Мұнда, келешекте туристер үшін салынатын «сапар орталығының» жобасымен танысты.

Аймақ басшысы одан әрі, Таңдай ауылындағы мектеп, балабақша және дәрігерлік емханаға барды. Мұндағы мәселелерді тыңдап, шешу жолын талқыға салды. Содан соң, аудан орталығына ат басын бұрып, орталық емхана ғимаратын аралады.

Ары қарай, 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Аймақ басшысы Махамбет ауданының бұһар бетіндегі ауылдарды да аралады. Сарытоғай, Есбол және Алға ауылдық округтердегі әртүрлі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған