«АТЫРАУҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ»

«Лучший город.KZ»  жобасында  қаламыз  Бас  жүлдеге  ие  болды 

Жуырда қазақстандық телекөрермендер «Еуразия» бірінші арнасы ұйымдастырған «Лучший город.KZ» жобасының екінші маусымын тамашалады. Онда еліміздің барлық қалаларынан он алты команда қатысып, өнерлерін ортаға салды. Кең-байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған таланттар аламан доданың көрігін қыздырды. Үш айға созылған бұл жарыста Атырау қаласының құрама командасы жобаның Бас жүлдесін жеңіп алды. Сөйтіп, бес миллион теңгелік байраққа ие болды. Бұл қазынасымен әлемге танылған мұнайлы астана мәртебесін тағы бір биікке көтере түскені сөзсіз.

Жобаға лайықты үміткерлерді түрлі елдер өкілдерінен құралған қазылар алқасы іріктеді. Оның құрамында өнер, саясат және медиа саласындағы белгілі тұлғалар, атап айтсақ, ресейлік өнер қайраткерлері Николай Добронравов пен Александра Пахмутова, саясаткер Ғани Қасымов, әйгілі әншілер Ақжол Мейірбеков, Қыдырәлі Болманов, Олег Гостев, Мақпал Исабекова, Айқын, белгілі продюссер Гүлнәр Сәрсенова, танымал әртістер Линда Нигматулина, Кумар Лукманов, Дәулет Әбдіғаппаровтар болды.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз